Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қытайда мектеп спорт залының төбесі құлап, 11 адам қаза тапты

AstanaTV
24.07.2023ж. 15:57
891
Қытайда мектеп спорт залының төбесі құлап, 11 адам қаза тапты

Хэйлунцзян провинциясының солтүстік-шығысындағы Цицихар қаласында №34 орта мектептің спорт залының төбесі опырылып, 11 адам қаза тапты. Тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция құрылыс компанияларының бірінің қызметкерлерін ұстады. Бірақ жергілікті полиция да, ресми БАҚ та қанша адамның ұсталғанын және олардың қандай қызметте болғанын хабарлаған жоқ.

Апат кезінде жаттығу залында 19 адам болған, төрт адам аман қалған. Әйелдер волейбол командасы спорт залда жаттығып жатқан кезде оның шатыры құлаған. Куәгерлердің бірі жаттығу залында тығылатын жер жоқ екенін айтты.

Алдын ала тергеу қорытындысы бойынша, спорт залына іргелес оқу ғимаратын салу кезінде құрылысшылар ережені бұза отырып, спорт залының шатырына перлит төсеген. Жауын-шашынның әсерінен перлит суды сіңіріп, ауырлай түскен. Бұл шатырдың құлауына әсер еткен.

Перлит - құрылыста, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылатын жоғары сіңіргіш минерал.