Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Танымал тележүргізуші не себепті ажырасқанын ашып айтты

AstanaTV
24.07.2023ж. 16:13
5630
Танымал тележүргізуші не себепті ажырасқанын ашып айтты

Танымал тележүргізуші Серік Ақышов не себепті бірінші жарымен ажырасқанын "Осколки" подкастында айтты,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұрынғы әйелім Ольгамен екі бала өсіріп, ұзақ уақыт бір некеде тұрдық. Марика өмірге келді. Қазір ол 9-сыныпты аяқтады. Содан соң Айлин туылды. Ол екінші сыныпты бітірді. Белгілі бір уақыт бұрын біз өте ауыр шешімді қабылдадық. Бірақ бұл ажырасу туралы екі жақпен келісілген, таразыланған шешім еді. Меніңше, біздің ажырасуымызға көп нәрсе себеп болды. Мен зейінсіз болдым, қарым-қатынасымызда көп қателік жібердім. Одан да қателіктер кетті. Бірақ ол бәрі жақсы болуы үшін айтарлықтай көп жұмыс істеді. Сондай сәттердің бірінде махаббат таусылды", - деді ол. 

Сондай-ақ тележүргізуші "біздің мәдениетті, зиялы түрде ажырасқанымыз үшін Ольгаға алғысым зор. Әрине, балаларға әлі де үйренісу қиын екенін білемін. Олар уақыт өте келе ең басты нәрсені - балалардың кінәсі жоқтығын түсінеді деп үміттенемін. Әке мен шешенің ерлі-зайыпты еместігі енді мүлде басқа нәрсе" деп әңгімесін түйіндеді.

Айта кетейік Серік Ақышев өзінің инстаграмм парақшасында екінші рет шаңырақ көтергені жайлы бейнежазба жариялап, жақындары мен жазылушыларына өзінің алғысын білдірді.