$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана қаласында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті

AstanaTV
24.10.2016ж. 20:00
2738
Астана қаласында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті

Астанада «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті. Соңғы 7 жылда тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан республикалық акция биыл да жалғасын тапты. Шара «Бәйтерек» монументінің жанында, теміржол вокзалы мен «Артем» сауда үйі маңайында өткізілді. Сондай ақ №1 автобус паркінде, халыққа қызмет көрсету орталығы мен Елордадағы үш ауданның ішкі істер басқармасында жалғасты. Қабылдауда шахар тұрғындарының арыз-шағымдары мен ұсыныстары тыңдалды. Оларды «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері қабылдады. Астана қалалық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының өкілдері де шет қалмады. Тараптар бірлесе отырып ел арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Халықтың шешілмей жүрген мәселелерін өз аузынан есту үшін мұндай акциялар аса қажет, - дейді мамандар.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Қауіпсіздік жолдағы мәселелерді жақсарту үшін өзінің ұсыныстарын беріп отыр. Ол заңнамаға да кіріп отыр. Неге десеңіз, әрбір қабылдауда сауал жүргізіледі. Сауал аясында қалай жұмыс істейді, қандай қиыншылықтар бар, нені жақсарту керек деген сұрақтар бар. Соны береді. Сондықтан өзінің тиімдігі халыққа деген зор деп санаймыз.

«Жолдағы қабылдау» акциясы соңғы рет мамыр айында өткен еді. Оған 600-ге жуық азамат келіп өтініш-тілектерін жеткізген. Бұл жолы да қабылдауға келушілердің қарасы қалың. Жұмыс әдеттегідей жүйелі түрде  жүргізілді.

Бақытжан Майлыбаев, Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы:

Біз әрбір тұрғынның талап-арызын мұқият тыңдап, өзімізге тіркеп отырамыз. Егер бірден жауап бере алмайтын болсақ, яғни зерттеуді, барып тексеруді қажет етсе, тиісті жұмыстар жасалады. Одан кейін, шағым иесіне жазбаша түрде барлық ақпаратты ұсынамыз.