Оралдың
іргесіндегі Деркөл ауылында мұнай-газ кенішінің қондырғылары тиелген
автоколонна кептеліп қалған. Ауқымды қондырғыларды электр желілері мен газ
құбыры астынан өткізу мүмкін болмай отыр. Жүк көліктеріне салмағы 30 тонна,
биіктігі 6 метрге жуық қондырғылар тиелген. Енді жоғары кернеулі электр
желілерін ажыратып, газ құбырларын кесуге тура келеді. Мұнай-газ қондырғылары
Атыраудан Батыс Қазақстандағы Чинарев кенішіне жеткізілуі тиіс. Энергетиктер
автоколонна межелі жерден өткесін, газ бен жарықтың қайта беріле бастайтынын
айтады.