$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысы Отырар ауданының шаруалары егістікке су таппай отыр

03.08.2023ж. 20:00
1102
Түркістан облысы Отырар ауданының шаруалары егістікке су таппай отыр

Түркістан облысы Отырар ауданының шаруалары егістігін суаратын су таппай жүр. Аудандағы бес ауылдың диқандары жаз басталғалы тамшы су көрмеген алқаптар бар деп шыр-пыр. Мәселен, Талапты ауылындағы 220 гектар алқап бүгінде қурауға шақ. Егер бірер күнде суарып үлгермесек кемі 200 млн теңге шығынға батамыз деп шырылдайды шауалар.

Қойшығұл МАМЫРОВ, ТАЛАПТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына каналдың бойында 200 гектар жер бар. Су ішпегелі қанша болды. Қауындары қалды, жүгерісі қалды. Қазір енді собықтайтын кез келді. бірақ әлі шашақ та шығарған жоқ.

Бақтияр МӘМБЕТӘЛІ, ШАРУА:

20 млн кредит алғам, бала-шағамның аузынан жырып. Өзбекстаннан өзбек дихандарды әкеп егіп жатырмыз. Көктемде бізге әкімшіліктен тапсырма келді, жер егіңдер деп. Екпесең жеріңді алып қояды. Ексең міне, каналда су жоқ.

Бекжан ИБАШЕВ, ШАРУА:

Міне мына жүгерінің егілгеніне қазір 60 күн болды. Бұның бойы қазір 1,5 метр болуы керек еді. Қазір мынау жарты метр-ақ болып тұр.

Шаруалар ерте көктемде Қазсушар мекемесінің жергілікті өкілдерімен келісім жасағандарын айтады. Судың ақысын да алдын ала төлеп қойғанбыз. Тіпті каналдан су тартатын құрылғыға дейін орнатқанмен бос әурешілік болды десті. Ал «Қазсушар» мекемесінің өкілі қолдан келер амал жоқ деп отыр.

Хамитбек ЕЛКЕЙ, «ҚАЗСУШАР» РМК ОТЫРАР АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:


Сала жауаптылары тілшілердің араласуынан соң алқаптарға су жіберуге уәде етті. Бірақ оның өзі оншақты күнге ғана.