$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

23.08.2023ж. 20:00
945
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Ол мемлекет басшысына аймақтың 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады. Есепті кезеңде өңірде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылған. Ауыз су тапшылығын шешуге қатысты облыста 2025 жылға дейін 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде тұшытылған судың көлемін 146 мың текше метрге дейін артады. Мемлекет басшысы облыс әкіміне Маңғыстау өңірі энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясындағы міндеттерді іске асыруды тапсырды.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының назарына ауыл шаруашылығының дамуы жөнінде. Соның ішінде мал шаруашылығы, түйенің сүтін терең өңдеу жөнінде қосымша құны жоғары өнім алу жөнінде ақпарат бердім. Облыстағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ақпаратты президенттің назарына ұсындым. Атап айтқанда Ақтау қаласындағы кәріз жүйелерін, сумен қамту жүйелерін және электр желілерінің жөндеу жөніндегі толық ақпарат президентке ұсынылды.