Негізгі / Жаңалықтар / Зорлық көрген ақтаулық сәбидің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күреседі - Тамара Дүйсенова

Зорлық көрген ақтаулық сәбидің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күреседі - Тамара Дүйсенова

Зорлық көрген ақтаулық сәбидің халі жақсармай тұр. Ал оның өмірі үшін отандық дәрігерлер соңына дейін күреседі. Мәжіліс қабырғасында "Астана" арнасы тілшісінің сұрағына жауап берген Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай деді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Ол қыздың жағдайы нашар. Тұрақты түрде нашар болып келе жатыр. Бірақ, өздеріңізге белгілі, біздің дәрігерлер соңғы мүмкіндікке дейін оның өмірі үшін күресеміз деп отыр. Соны әлі  жалғастырып келе жатырмыз. Мен енді болжам бере алмаймын. Бірақ біз соңғы минуттарға дейін оның жағдайын жасауға әрекет жасаймыз.

Еске салайық, 20-шы тамыз күні Ақтауда алты жасар бүлдіршін жоғалып кеткен еді. Бірнеше сағаттан соң қала шетінен ауыр жарақаттармен шалажансар күйінде табылды. Сондай-ақ сәбидің зорланғаны анықталды, бұл факті бойынша күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған. Ал 27 тамызда санавиациямен Астанаға жеткізілген баланың өмірі үшін астаналық дәрігерлер күресіп жатыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ