Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ғылыми жобалар байқауының қорытындысы жарияланды

AstanaTV
07.11.2016ж. 20:00
3389
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ғылыми жобалар байқауының қорытындысы жарияланды

Қазақстандық біртектілікті азаматтық қағидатымен нығайту. Қазақстан халқы ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында осы мәселе жан- жақты талқыланды. Жиынға қатысқан сарапшылар мен ғалымдар аталған бағытта жүргізіліп жатқан әлеуметтік зерттеулерді атады. Біртұтас мониторингтердің маңызына тоқталды. Сонымен қатар көпшілік алдында сөз алған кеңес мүшелері әлі де басы ашық мәселелердің бар екенін айтады.

Күлайша Ақтаева, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі:

Әр этностың өкілі, Қазақстан мемлекетінің азаматымын деген сезімі қандай болады? Оған жету үшін қандай жолдан өту керек? Осы елдің, мемлекеттің азаматымын деген сол сезімді игеру керек деп ойлаймын. 

Қазақстан халқы ассамблеясы Президенттің бастамасымен қолға алынған қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар байқауының қорытындысын жариялады. Республикалық  шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған. Оның шеңберінде үздік деп танылған жобалар марапатталды.