Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған. Әйел 2 жыл ішінде 24 млн-нан астам теңгені өзінің жеке есепшоттарына аударып үлгеріпті. Бас есепшінің қызы туғанынан аутизмнің ауыр түріне шалдыққан, 1- інші топтағы мүгедек. Әйел кінәсін мойындап, жырқырылған ақшаны баласының емі мен бұрын алынған қарыз, несиелерін жабуға жұмсағанын айтқан. Күдікті 6 жылға сотталды. Жазасын баласы 11 жасқа толған соң өтейді. Мұнымен қоса ол 24 млн теңгені мемлекетке қайтаруы тиіс.
Зарина ҚҰСМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР БОЙЫНША ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Тергеу барысында бас есепті 2021-2022 жылдар аралығында бюджет қаржысын жалақы және еңбек демалысының ақысы ретінде негізсіз өзінің карталары мен есепшоттарына аударып отырған. Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық сотының шешімімен бас есепші кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды. Жазасын ол ҚК-тің 74-інші бабына сәйкес 5 жылдан кейін өтейді.