$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Қауіпсіз еңбектің бірыңғай тұжырымдамасын жасауымыз керек",- Е.Смышляева

18.09.2023ж. 20:00
776
"Қауіпсіз еңбектің бірыңғай тұжырымдамасын жасауымыз керек",- Е.Смышляева

Павлодарда өндірістік орындарда биыл 64 оқыс оқиға болған. Салдарынан 2 адам көз жұмып, 62 адам түрлі дене жарақатын алды. "Қауіпсіз еңбек" атты өңірлік форумда осы мәселе талқыланды. Елімізде жарты миллион адам қауіпті және зиянды өндіріс ошақтарында жұмыс істейді. 7 мың адам осының салдарынан түрлі ауруға шалдыққан.

Мұхтар ТІНІКЕЕВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлемде жұмыстағы оқыс оқиғалардың 100 пайызы жұмыс беруші жақтан болады. Еңбек кодексінің 190-бабы Үкімет тарапынан қолдау таппады. Сондықтан да заңның кейбір тұстарын қайта қарау керек. Кәсіподақ алдында жұмысшылардың қауіпсіздігі және сапасын жақсарту мәселесі тұр.

Парламент Еңбек кодесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Бұл еңбек дауларын азайтуға және жұмысшылардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Бұл ретте ескі көзқарастан арылып, жаңа стандарттарды қолдау басты назарға алынған.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізде ең басты проблема өндірістік жарақат. Оны жасырып қалу дерегі тыйылмай тұр. Оны түбімен жою үшін еңбек кодексіне әлі де толықтыру енгізу қажет. Мемлекет басшысы да өз жолдауында осы мәселені көтерді. Сондықтан қауіпсіз еңбектің бірыңғай тұжырымдамасын жасауымыз керек.