Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордалық ғалымдар отандық күріш сұрпын шығарды

AstanaTV
19.09.2023ж. 10:27
461
Қызылордалық ғалымдар отандық күріш сұрпын шығарды

Қызылордалық ғалымдар бірнеше отандық күріш сұрпын шығарды,-деп хабарлайды Хабар 24. 

Соның бірі – «Сыр сұлуы» деп аталады. Ерте пісетін бұл өскін суға үнем, ал өнімділігі шетелдік сұрыптардан асып түседі. Қазір өңірдегі күріш егістігінің 3 пайызын отандық сұрыптар алмастырған. Жоспарда бұл көрсеткішті арттыру мәселесі тұр.

Сапасы жоғары өнімдер қатарына күріштің «Айсара» тұқымы да қосылды. Биыл егін алқаптарынан "Айсараның" 250 тоннасы жиналды.

 «Айсара» сортына келсек, көп деген елдерде егілетін қазіргі «Индика» түріне жататын сорт. Сондықтан біздің елде бірінші рет шығып тұр мұндай сорт. Сондықтан бұл сортқа сұраныс арта түсетіне ешқандай күмәніміз жоқ. Біздің нарыққа өте қажет сорт болып тұр қазір,-дейді  ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Құрманбек Бәкірұлы.