$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбыл ГРЭС-інің тұтынушыларына шектеу қойылуы мүмкін

AstanaTV
19.09.2023ж. 18:13
804
Жамбыл ГРЭС-інің тұтынушыларына шектеу қойылуы мүмкін

19 қыркүйекте өткен үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Жамбыл ГРЭС-індегі мәселелерге тоқталды, судың азаюына байланысты станция электр қуатын аз өндіріп жатыр. Соған байланысьы тұтынушыларға шектеу қойылуы мүмкін екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жандос Нұрмағанбетов "Жамбыл ГРЭС" АҚ жағдайын баяндады. Оның айтуынша, "Шу-Талас" каналынан келетін су көлемінің азаюы салдарынан бүгінде станса 120 МВт жүктемемен бір блокты режимде жұмыс істеп тұр.

"Судың азаюына байланысты ЖГРЭС электр қуатын аз өндіріп жатыр. Соның салдарынан шектеулер туындауы мүмкін. Қырғызстанның Энергетика министрлігі Қазақстанның Энергетика министрлігімен арнайы келісім-шартқа отырды. Суды сақтау және жинау мақсатында Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізеді. Бұл келесі жылғы су мәселесін шешуге мүмкіндік берді", –деді ол.

Вице-министр ЖГРЭС толық тоқтаған жағдайда "KEGOC" АҚ жүйелік операторы тұтынушыларға тиісті шектеулерді енгізуге арналған техникалық әрекеттерді де қамтитын әрекеттер алгоритмін әзірлегенін қосты.

Энергетика министрлігі Су ресурстары министрлігімен бірлесіп, Жамбыл ГРЭС-ін техникалық сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатқаны мәлім болды.