Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елена Потапенко олимпиада лицензиясын жеңіп алды

AstanaTV
24.09.2023ж. 16:52
557
Елена Потапенко олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Қазақстандық Елена Потапенко 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі бессайыстан Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғаған Елена Потапенко жарыс нәтижесінде 5-орынға табан тіреп, Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасы финалда үздік бестікке енген спортшыға берілетінін айта кетейік.

Мен осыған дейін айтқанымдай, Азиадағақатысудың бір мақсаты-Париж Олимпиадасыналицензия алу. Біздің спортшылар 8 спорт түрінен Олимпиада ойындарына жолдама алуүшін күресіп жатыр. Елена Потапенконы бүгінгінәтижемен құттықтаймын және оған Парижде сәттілік тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.