$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Төрт жасар баланы өлтіріп, әжетханаға лақтырып жіберген

26.09.2023ж. 20:00
1220
Төрт жасар баланы өлтіріп, әжетханаға лақтырып жіберген

Семейде күтушінің қолында болған төрт жастағы бала қайтыс болды. Оқиға Семей қаласында болды. Марқұмның анасы баласын күтушіге сеніп қалдырған. Қайта оралғанында баласын таппай қалған. Балаға бас көз боп отырған күтуші алғашында оның достарымен жүргенін айтып, анасын алдаған. Артынан бүлдіршіннің қайтыс болғаны белгілі болды. Сорақысы күтушінің күйеуі мәйітті тас жолға апарып, әжетханаға лақтырып жіберген.

АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Төрт жасар баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр.