Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жантебірентерлік жазба арнады

AstanaTV
15.10.2023ж. 10:41
818
Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жантебірентерлік жазба арнады

Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ассалаумағалейкүм, Аханай балам..! Сенсіз 1,5 жыл өтті. Бүгін ағаларың Алпамыс, Абылайхан және інің Әлиханның сүндет тойы. Әттең... Сенсіз... Бұл күнге сен жете алмадың ғой. Бүгін сен де талтаң басып, жүгіріп жүрер ме едің? Алайда сен үлкен ерлікпен, батырлықпен талай жүкті арқалап кеттің. Бүгінгі кеште менің жүрегімде сенің орның ерекше болады. Саған арнап ән айтқым келді. Бірақ барлығының жылағанын қаламадым және сенің жаның тыныш болғанын қаладым. Сені сағындық", - деп жазды Асылхан Төлепов Instagram парақшасында.