Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Ирина Қайратовна» тобының Астанадағы бүгінгі концерті де өтпейтін болды

AstanaTV
15.10.2023ж. 17:35
770
«Ирина Қайратовна» тобының Астанадағы бүгінгі концерті де өтпейтін болды

 Ұжымдағы мобилографтың қайтыс болуына байланысты «Ирина Қайратовна» тобының Астанадағы концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Kazinform.

Әртістер мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың құрметіне Еуропаға тур жасамақшы. 21 жастағы мобилограф кеше концерт басталардан бірнеше минут бұрын сахнада құлап қайтыс болған еді.

Қайғылы оқиғадан кейін концерт болмай қалды. Осылайша келесі концерт бүгін өтуі керек болған.

Өнер ұжымы ол шараның да өтпейтінін хабарлап отыр.

«Құрметті достар, «Ирина Қайратовна» тобының жанкүйерлері! Астана қаласындағы концертте мобилограф, 21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың кенеттен өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Осыған байланысты Астанада 2023 жылдың 14-15 қазанына жоспарланған концерттер өтпейді. Шахназдың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, ИК командасы шын жүректен Шахназдың отбасына көңіл айтады және барынша қолдау, көмек көрсетеді. Біздің тарапымыздан болған қолайсыздық үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Алдағы Еуропаға турымызды Шахназдың құрметіне өткізгелі отырмыз» делінген топтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өнерпаз жігіттер марқұмның өліміне не себеп болғанын нақты білмейтінін айтып, жігіттің жазым болған сәтін желіде таратпауға шақырды.