Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елімізде 10 млн-ға жуық еңбекке жарамды адам бар

01.11.2023ж. 20:00
725
Елімізде 10 млн-ға жуық еңбекке жарамды адам бар

Елімізде 10 млн-ға жуық еңбекке жарамды адам болса, оның 452 мыңы жұмыссыз. Бұл - ресми тіркелгендердің есебі. Халықты жұмыспен қамтуға арналған «Мансап» орталықтары жұмыссыздық деңгейін қаншалықты азайтуда? Олардың ұсынған жұмыс орны көптің көңілінен шыға ма? Тілшіміз зерттеп көрді.

Орал қаласының тұрғыны Хамит Мұхамбетов 2016 жылдан бері жұмыссыз. Мұғалім болғандағы айлығы 53 мың теңгеден аспаған соң, отбасын асырау үшін қара жұмысқа шыққан. Қазір өзі секілді жоғары білімді мамандардан құралған бригадасы бар. Жүк тасу, көшіру, іргетас құю, тас қалау секілді жұмыстарды жатсынбай істей береді.

Хамит МҰХАМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қалалық жұмыспен қамту орталығының бізге тауып беріп отырған жұмыстарының төлейтіні 60-70 мыңнан аспайды. Ондай жұмыстардың мысалы маған қажеті жоқ. Мен 60-70 түгілі қазір 100-150 мен отбасымды асырай алмаймын. Сондықтан мен өзім жұмыс тауып алып, өзімді өзім қамтып отырмын.

Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі де субсидияланған жұмыс орындарының жалақысының төмен екендігін мойындайды. Бірақ жұмыс берушілер айлықты өзі көбейте алады дейді.

Спабек САДЫҚОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Ол жерде 30 АЕК, 100 мың теңгенің шамасындағы айлық есептік көрсеткіш болады. Одан бөлек, ол кісі жаңағы уақытша жұмыс орындары яғни қоғамдық жұмысқа барған жағдайда жұмыс беруші істеген жұмысына қарай өзі де субсидиядан бөлек қосымша ақы төлей алады.

Көпшілік те Мансап орталықтарының жайлы жұмыс тауып береріне сенбейді. Сондықтан екі қолға бір күрек іздеп өз беттерінше әрекеттенеді екен.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Менде финансовай профессиям бар, водитель бар, тракторист бар. Жұмыс тауып бергенде арзан жұмыстарды айтады. 100 мыңға кім барады?
- Үш жұмыс ұсынды. 70 мың теңгенің зарплатасы бар. Ал, паталочный 270 мың теңге. Қалай күн көресің? Айлықтан айлыққа жетпейсің.
- Олар тауып береді деп айта алмаймын мен точно. Қазір достойно 30 мың ақша төлейтін жер жоқ. Оны білесіз ғой.

Қазір елімізде жұмыссыздық деңгейі -4,7 пайыз. Ал, Түркістан мен Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш 5 пайызға жеткен.