Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде допинг үшін жарыстан шеттетілген спортшылардың тізімі жарияланды

AstanaTV
03.11.2023ж. 13:00
620
Елімізде допинг үшін жарыстан шеттетілген спортшылардың тізімі жарияланды

Ұлттық допингке қарсы орталық жарыстардан шеттетілген спортшылардың тізімін жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандағы ұлттық допингке қарсы орталықтың сайтында ереженің бұзылуына байланысты жарыстардан кімнің шеттетілгені белгілі болды.

2026-2027 жылдарға дейін пауэрлифтер Арман Капышев, джитсер Мақсат Есмұрат, киберспортшы Дарын Бейбітов, каноист Дильназ Сұлтанбек, жеңіл атлет Қалжан Мұзахан дисквалификация алды.

Осы тізімге Фаиза Исмаилова, Данил Ворошилов, Әділет Нұрғали, Бағдат Маматқұл, Нұрғамит Дәулетхан, Анатолий Савельев, Богдан Краснянский, Диана Салықова, Алина Колиушко, Атабек Нұриддинов, Айым Есжанова, Өтепберген Әлиев, Анастасия Бетехтина және Мария Синицын енді.