Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Зинедин Зидан «Манчестер Юнайтедке» баруы мүмкін

AstanaTV
03.11.2023ж. 20:00
891
Зинедин Зидан «Манчестер Юнайтедке» баруы мүмкін

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» екатеринбургтің «Автомобилистімен» кездесті. Астаналықтар Шығыс конференциясында көш соңында келеді. Сондықтан сырт алаңдағы ойында жеңіс аудай қажет болды. Бірінші кезеңде қос команда да белсенділік танытты. Барыс сапынан Михаил Рахманов есеп ашты. Артынша алаң қожайындары таразы басын теңестірді. Ойынның екінші бөлігінде Максим Мусоров астаналықтарды алға шығарды. Соңғы жиырма минут алаң қожайындары есепті теңестіріп, ойынды овертаймға дейін жеткізді. «Барыс» бағы жанып, жеңіске жетті. Төртінші қарашада «Барыс» Қазанның «Ақ Барсымен» кездеседі.

«БАРЫС» «АВТОМОБИЛИСТТІ» ЖЕҢДІ

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия-2023 чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды. Бексұлтан Қайратұлы, Алдияр Бахадур және Жандос Алпысбаев жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, ел намысын қорғаған былғары қолғап шеберлері қоржынға 4 күміс және 3 қола салды.

Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды. Турнирде 5 алтын медаль алды. Қырғызстан, Таиланд, Жапония, Түрікменстан және Иранда бір алтыннан.

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ҮШ АЛТЫН АЛДЫ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Париждегі "мастерлер" сериясы турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды. Қазақстанның бірінші ракеткасы жеке разрядта болгар спортшысы Григор Димитровпен кездесіп, оған екі сетте — 2:6, 2:6 есебімен жол берді. Мастерстің үшінші айналымында Бублик чилилік Николас Харриден өтті. Ал Димитров ресейлік Даниил Медведевті сенсациялық түрде жеңді.

БУБЛИК ДИМИТРОВТАН ЖЕҢІЛДІ

Футзалдан Чемпиондар Лигасының элиталық раундының жеребесі тартылды. Алматылық «Қайрат» В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары португалдық «Бенфика», Словениялық «Добовец» және Косоволық «Приштина» болады.

В тобының матчтары 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында «Приштина» паркетінде өтеді. Элиталық раундтың қорытындысы бойынша топтың төрт жеңімпазы «төрт финалдың» құрамын құрады, онда командалар футзалдан Чемпиондар Лигасының жеңімпазын анықтайды.

 «ҚАЙРАТТЫҢ» ҚАРСЫЛАСТАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

 «Манчестер Юнайтед» Эрик тен Хагты соңғы уақыттағы нәтижесіз ойындарына байланысты жұмыстан шығаруы мүмкін. Зинедин Зидан мен Рубен Аморим команданың жаттықтырушысы қызметіне негізгі үміткерлер.

Зинедин Зидан 2021 жылдың мамырынан бастап Реал Мадридтен кеткеннен бері жұмыссыз. Содан бері оны «ПСЖ» және «Ювентуспен» байланыстырды.

Рубен Аморим «Спортингті» 2020 жылдың наурызынан бастап жаттықтырады. Маман Португалия Чемпионатын, Суперкубокты жеңіп алды және Ұлттық Кубокта екі рет жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Манчестер Юнайтед Ньюкаслдан ағылшын лигасының 1/16 кубогынан 3 жауапсыз допты жіберіп алды. Англия чемпионатында тен Хааг командасы 10 турдан кейін 15 ұпаймен сегізінші орында.

ЗИНЕДИН ЗИДАН «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ» БАРУЫ МҮМКІН

Амстердамдық Аякс тамыз айынан бері алғашқы рет жеңіске жетті. Эредивизияның үшінші турында өткен матчта Волендамнан айласын асырды. Соңғы рет «Аякс» жаздың аяғынан бастап болгарлық «Лудогорецті» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде жеңген еді. Осыдан кейін Аякс әр түрлі турнирлерде он кездесуде жеңіске жете алмады, жетеуінде жеңіліп қалды. Бұл серия клуб тарихындағы ең сәтсіз ойындар көрсеткіші еді.

Аякс ұлттық чемпионаттың 9 кездесуінде сегіз ұпай жинады және турнир кестесінде 15 ші орында тұр. Айта кетейік, Амстердам клубы ұлттық біріншілікті 36 рет жеңіп алып, төрт рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған.

 «АЯКС» ЕКІ АЙДАН КЕЙІН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Испандық Барселона мен Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдиньо FourFourTwo журналының 2000-шы жылдардағы басты футбол жұлдызы деп танылды. Роналдиньо - Бразилия құрамасымен 2002 жылғы әлем чемпионы. 2004 және 2005 жылдары ол ФИФА халықаралық футбол федерациясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік футболшы атанды. 2005 жылы «Алтын доптың» иегері болды. Сонымен қатар ол «Пари Сен-Жермен», «Милан» және бірнеше бразилиялық клубтарда өнер көрсетті. Роналдиньо мансабын 2018 жылы аяқтады. Рейтингте екінші орынды Криштиану Роналду иеленді. Үшінші орын француз Тьерри Анриге бұйырды.

РОНАЛДИНЬО 2000 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСТЫ ЖҰЛДЫЗДЫ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін!

Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді.