Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада полицейлер ер адамның қолын кісеннің орнына скотчпен ораған

08.11.2023ж. 20:00
659
Астанада полицейлер ер адамның қолын кісеннің орнына скотчпен ораған

Әлеуметтік желіде полицейлердің ер адамның қолын кісеннің орнына скотчпен орап жатқан видеосы тарады. Жұрт оны қызу талқылап жатыр. Бұл жағдай Астанадағы тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындардың айтуынша, олар подъезде есірткі таратушы немесе қойып кетуші ретінде күдіктіні байқап, полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп оны айғақ заттан құтылмас үшін қолын скотчпен ораған көрінеді. Күдікті - 27 жастағы ер азамат. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ұстау кезіңде ер адам айғақ заттан құтылудың барлық амалын жасағанмен дәлелдеу мақсатында полиция қызметкерлері тиісті шараларды қабылдады. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады.