Италияның Лацио аймағындағы Сан-Лоренцо-Нуово қаласында мигранттарды уақытша қабылдау орталығында жарылыс болып, кем дегенде 30 адам жарақат алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.
«Бүгін түнде жергілікті уақыт бойынша 01:00-де Витербо ауданындағы Сан-Лоренцо Нуоводағы мигранттарды қабылдау орталығында үлкен жарылыс болды. 30 адам жарақат алды, кейбіреулері ауыр жағдайда, бір адам комада жатыр», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар бар. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Жарылыстың себебі әлі белгісіз, полиция тергеуді бастады. Сан-Лоренцо-Нуово мэрі Массимо Бамбини айтқандай, жарылыстың ықтимал себебі газдың ағуы болуы мүмкін.