Бүгін әлемдік жұртшылық БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген және 1921 жылы Чарльз Бестпен бірге инсулинді ашқан Фредерик Бантингтің туған күніне орай таңдалған қант диабетімен күрес күнін атап өтуде.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты - халықтың барлық топтарының аурудың белгілері, мүмкін болатын асқынулар және диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар ету.
Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша, әлемде қант диабеті диагнозы қойылған шамамен 537 миллион адам бар. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін артады деп күтілуде.
Қазақстанда 439 327 мың ересек және 5132 бала қант диабетімен өмір сүреді.
Аурудың көріністері: үнемі қатты шөлдеу, жиі несеп шығару, дегидратация, қатты аштық сезімі, шаршау; көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің қышуы және тітіркенуі. Егер сіз белгілердің бірін байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарласыңыз!
Қант диабетінің дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Қант диабеті организм қандағы қант (глюкоза) деңгейін түсіре алмаған кезде пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфарктке, инсультке, соқырлыққа, бүйрек жеткіліксіздігіне және аяқтың гангренасына әкелуі мүмкін.
Көптеген қант диабетімен ауыратындар өздерінің ауруын білмейді және жиі жағдайда ауруы асқынғанда ғана біледі.
Қант диабетінің үш негізгі түрі бар: 1 типті, 2 типті және гестациялық қант диабеті. 1 типті қант диабетінің себебі белгісіз және мұндай қант диабетімен ауыратын адамдарға өмір сүру үшін күнделікті инсулин салу қажет. Әлемдегі қант диабетімен ауыратындардың көпшілігінде 2 типті қант диабеті бар, бұл көбінесе артық салмақ пен физикалық белсенділіктің болмауы. Бұрын 2 типті қант диабеті ересектерде ғана байқалған, бірақ бүгінде бұл балалар мен жас ересектерде жиі кездеседі.
Гестациялық қант диабеті жүктіліктің уақытша бұзылуы болып табылады және 2 типті қант диабетінің ұзақ мерзімді қаупін тудырады. Сонымен қатар, қандағы қант мөлшері нормадан асады, бірақ қант диабеті диагнозы қойылған көрсеткіштерден төмен.
Қант диабетінің барлық түрлері көптеген ағзаларда асқынуларға әкелуі мүмкін және мезгілсіз өлім қаупін арттырады.
Көптеген жағдайларда қант диабетімен және онымен байланысты асқынулардың дамуын дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік, қалыпты дене салмағын сақтау және темекі шегуден бас тарту арқылы болдырмауға болады.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары аурудың алдын алу үшін келесі ұсынымдарды орындауға кеңес береді:
Дұрыс тамақтану. Ұйқы безін (инсулин бөлетін) шамадан тыс жүктемеу үшін көмірсулардың тұтынылуын азайтыңыз, сонымен қатар жақсы пішінді сақтау үшін күнделікті тұтынылатын калория мөлшерін азайтыңыз. Қант диабетінің алдын алу үшін мәзірден қант пен құрамында қант бар кез-келген өнімдерді (печенье, табиғи емес шырындар) алып тастау керек.
Құсқа, төмен калориялы балыққа, көкөністерге, қантсыз шырындарға артықшылық беру керек. Макарон және ұн өнімдерін, қышқыл, ащы және ысталған тағамдарды тұтынуды шектеу керек. Қуырылған тағамды қайнатылған, пісірілген немесе бұқтырылған тағаммен ауыстыру керек.
Күнделікті физикалық белсенділік. Егер сіз күн сайын дене шынықтыру сабақтарына кем дегенде жарты сағат бөлсеңіз, қант диабетінің алдын алу тиімді болады. Дене белсенділігі метаболикалық процестерге пайдалы әсер етеді, соның арқасында майлардың ыдырауы күшейеді, қанның май құрамы жақсарады, дене салмағы айтарлықтай төмендейді. Қант диабетінің алдын алу үшін жаяу жүру, велосипед тебу, билеу, жүзу, футбол және басқа да спорт түрлерімен айналысу керек.
Психикалық тепе-теңдікті сақтаңыз. Тұрақты стресс аурудың даму себептерінің бірі болғандықтан, қант диабетінің алдын алу эмоционалдық жағдайды бақылауды қамтиды. Жағымсыз мінезді адамдармен мүмкіндігінше аз қарым-қатынас жасаған жөн, стрестік жағдайлардан аулақ болған жөн.
Үнемі медициналық зерттеуден өтіңіз. Қауіп тобындағы адамдар үшін қант диабетінің алдын-алу міндетті түрде алты айда бір рет тест тапсыруды қамтиды.