$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Батыс Қазақстанда киік етінің келісі 1200 теңгеден саудаланып жатыр

AstanaTV
14.11.2023ж. 16:39
690
Батыс Қазақстанда киік етінің келісі 1200 теңгеден саудаланып жатыр

Батыс Қазақстанда киік етінің келісі 1200 теңгеден сатылуда. Алайда соған қарамастан сұраныс аз. Бұл туралы өңір әкімі Нариман Төреғалиев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, облыста 10 мыңнан астам киік ауланған.

"Бізде киік саны 1 млн 300 мыңға жетті. Ғалымдардың пайымдауынша, бір киікке бір жылға 15 гектар жер керек екен. Сонда 1 миллион киікке 15 миллион гектар жер керек екенін естен шығармаған жөн”, – деді Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі БАҚ өкілінің "киік еті сатылған соң, ірі қара малдың етіне сұраныс азая ма?",- деген сауалына да жауап берді. Оның айтуынша киік етін кез келген адам алмайды.

“Бұрын киіктің етін жеп қалған Кеңес Одағы кезіндегі адамдар болмаса, көбі жеп жатқан жоқ. Бағасы не бәрі 1200 тг болса да, сұраныс жоғары емес”, – дейді Нариман Төреғалиев.