Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Цемент цехындағы жарылысқа қатысты тергеу басталды

AstanaTV
14.11.2023ж. 17:37
438
Цемент цехындағы жарылысқа қатысты тергеу басталды

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы цемент зауытындағы жарылыстан 52 жастағы жұмысшы мерт болды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тіркелді. Қылмыстық іс аясында бірқатар тиісті сараптамалар да тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Аталған жағдай бойынша тергеу Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының бақылауында» - деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Айта кетейік, цемент зауыттағы жарылыстан 1971 жылғы науқас қайтыс болды. Ал, қазір жансақтау бөлімінде екі адам емделіп жатыр. Оның бірінің денесін 100 пайыз күйік шалған. Ал, екінші адамның денесі 70-75 пайызға күйген.