Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қызылордада «КІТАП - AMANAT» жобасы аясында кітап орталығы ашылды

Қызылордада «КІТАП - AMANAT» жобасы  аясында кітап орталығы ашылды

Қызылордада отандық әдебиет пен баспагерлерді қолдауға бағыттарған кітап орталығы ашылды. Сөреге қойылған кітаптарды тұрғындар келіп тегін оқи алады. Ал көңілдері қаласа сатып алуға болады. Бағасы қолжетімді. Бұл - «AMANAT» партиясының «КІТАП - AMANAT» жобасы аясында жүзеге асып отырған бастама. Шараға «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапаққызы қатысты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта аймақтың барлық аудандарынан осындай кітап орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.

Қаршыға ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Кейінгі кездері автор мен баспаның арасында, баспа менен кітап дүкендерінің арасында байланыстар үзіліп кеткен еді. Осыны қайта жағырып оның үстіне кітапты қолжетімді бағамен оқырманның қолына жеткізу үлкен руханиятқа жасалып отырған жұмыс.

Марат АРАЛБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазіргі кезде кітап оқушылар аз ғой. Сондықтан біз кітап оқуды насихаттаумыз керек. Білімнің негізгі түбі кітапта екенін де насихаттау керек. Өз басым осы шараға келіп 3 кітап сатып алдым.