Қызылжарда дүлей дауыл салдарынан 150-ден астам ауыл жарықсыз қалды. Аймақта толассыз қар жауып, соңы ақ түтек боранға айналған. Екпінді жел электр бағандарын құлатып, 8 аудан электр энергиясынан ажырады. Апатты қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 100-ден астам ауыл әлі тас қараңғыда отыр. Сондай-ақ, боранда 3 бақташы жоғалып кетті.
Сәкен АҒЗАМОВ, СҚО ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды. Аудандарда 4 эвакуациялық бекет ашылып, онда 60 адам орналастырылды. Сонымен қатар үш бақташы өз малын іздеп, қырға шығып кеткен. Біршама уақыттан соң, олар жақын маңайдағы ауылдарды байқап, аман қалды.
Ал Қостанай облысында көктайғақ. Онан қалды қарлы боран соғып, жұртты әбігерге салды. Жолда қалған 30 жүргізуші мен 10 жүк көлікке полиция қызметкерлері жәрдемдесті. Екі күнде 109 оқиға тіркелген. Көлік тізгініне ие бола алмай, жол апатынан екі адам көз жұмды. Оның біреуі Ресей Федерациясының азаматы. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айнұр ЖҰМАҒҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Ағымдағы жылы Қостанай облысы аумағыда 376 жол көлік оқиғасы тіркелді.Онда 73 адам қаза таупы, 519 адам әтүрлі жарақат алды. Жол көлік оқиғаларын алдын алу үшін Қостанай облысы ПД жыл басынан бері 21 алдын алу іс-шаралары өткізілді.