Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Әр сағат сайын 7 отбасы ажырасады

28.11.2023ж. 20:00
512
Әр сағат сайын 7 отбасы ажырасады

Елімізде күніне 150 шаңырақ шайқалады. Бұл - сағатына 7 жұптың дәм-тұзы жараспай, екіге кетеді деген сөз. Сарапшылар мұны ұлттың үлкен трагедиясына балайды. Биыл, тіпті, бұл статистика екі есе көбеюі мүмкін, - дейді. Қазір қит етсе екінің бірі жұптарын жазуға дайын тұрады. Сорақысы, арада бала сорлап қалады. Олардың тағдыры не болмақ? Аружан Задабек тақырыпты тарқатады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қазақстандағы әрбір үшінші некенің соңы ажырасумен аяқталады. Оның 80 проценттен астамынының ортақ балалары бар. Екіге кететіндердің дені – 25 пен 35 жас аралығындағылар. Бірақ қазір егде жастағы азаматтардың да айырылысып жатқаныны жиі байқаймыз. Мұндайда «оның нақсы себебі – осы» деп дөп басып айту қиын. Себебі , әркімнің ғұмыры -әр қилы.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Басында бәрін шешпегендіктен, соңында олардың ойы өзгереді ғой. Адам бір-біріне бауыр басқаннан кейін ашық түрлерін көрсетеді өздерінің.
- Түрлі жағдай болуы мүмкін. Біреуі ене дейді, біреуінің күйеуі ішеді дейді. Кім біледі?
- Қазақ ұлтының менталитетін жоғалтып алдық біз. Осымен байланысты. Екінші – әлеуметтік жағдай. Мысалы, бір комнаталы үйде 5-6 адам тұрады.

Ажырасқан отбасылардың көбеюі некеге тұратын жастар санының азаюына әкелген. Жанұя құрғысы келетіндер 10 жылда 164 мыңнан 128 мыңға дейін төмендеді. 2009 жылы елімізде 4 млн отбасы бар болса, былтыр олардың саны небәрі 5 млнға жетті.

ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ:

Биыл некелесу коэффиценті мың адамға шаққанда 5,46 құрады. 8 мың неке бұзылды. Ажырасу көрсеткіші мың адамға шаққанда 0,83 құрады.

Қазір елде 600 мың ата-ана баласын жалғыз тәрбиелеп отыр. Оның 494 мыңы – ана, қалғаны – әке.

Гүлнар ОМАРОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Бұл үлкен әлеуметтік мәселені отбасы, мемлекет бәрі бірге жүйелі түрде шешкенде ғана жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Жасы ұлғайған азаматтар да, 60 жастағаы адамдар да ажырасып жатыр. Бұл үрдік дұрыс емес. Ұлтқа, болашаққа, үлгі-өнеге жасауға теріс ықпалын білдіреді.

Елімізде соңғы 10 жылда 1,5 млн жас неке қидырған. Оның жарты миллионы ажырасып тынды.

Кәмила ОМАРБЕКОВА, АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Бұрын ол ұят болған. Бетке басылатын болған. Қазір қосылып алады да, 1-2 ай тұрып ажырасып кете береді. Қосылды ма есі шығып, той жасап ата-аналары, шашылып жатқанымен олар түсінбейді. Ажырасып кетеді.

Мемлекеттің іргетасы отбасы десек, оның ке¬регесі кең, босағасы берік болуы әрқайсысымызға байланысты.