$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ҚХА ҚР Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын сайлады

AstanaTV
21.03.2016ж. 20:00
2039
ҚХА ҚР Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын сайлады

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Мәжіліске өз қатарынан депутаттар сайлады. Дауыс беруге 400-ден астам адам қатысты. Олардың барлығы - ұйым мүшелері. Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге де бірқатар лауазымды тұлғалар үміткерлерге дауыс берді.

26 ақпанда Ассамблея Кеңесі кандидаттардың тізімін ұсынған-ды. 9 кандидат қолдауға ие болды. Олар - «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Сауытбек Абдрахманов, Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, Қызылорда қаласы Жасөспірімдер сарайының директоры Наталья Жұмаділдаева, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» төрағасы Роман Ким, «Луйс»армян мәдени орталығы төрағасы Наринэ Микаелян, «Вайнах» шешен және ингуш қауымдастығы төрағасы Ахмед Мурадов, «Қазақстан ұйғырлары» орталығы төрағасы Шаймардан Нурумов, «Қазақстандық украиндар Радасы» қауымдастығы төрағасы Юрий Тимощенко, «Дүнген» этномәдени қауымдастығы мүшесі Шакир Хахазов.

Игілік Жалбыров, Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлаушылардың жалпы саны - 446 адам. Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны - 372. Дауыс беруге 372 сайлаушы қатысты. Сайлау нәтижесі жөнінде хаттама ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың жалпы нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы 27 наурызға дейін жариялауы тиіс.

Кандидаттар арасында ең көп дауысқа Владимир Божко ие болды. Оған 349 адам дауыс берген. Айта кетейік, Мәжілісте 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады.

Сауытбек Абдрахманов, ҚХА атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат: 

Бәрі көңілдегідей болған жағдайда Парламент Мәжілісінде халқымызға қызмет етуге білімімізді, білігімді аямаймыз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ