Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматы-Өскемен күре жолында бірнеше ондаған көлік лайға батты

AstanaTV
01.04.2016ж. 20:00
1251
Алматы-Өскемен күре жолында бірнеше ондаған көлік лайға батты

Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында бірнеше ондаған көлік лайға батып қалды. Арасында ауыр жүк көліктері де бар. Жолдағы жағдайды жүргізушілер ұялы телефондарына түсіріп алған.

Бұған қатысты  "Қазақавтожол" мемлекеттік кәсіпорны баспасөз қызметінің өкілі Олжас Баймұқанов түсінік берді. Айтуынша, жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған 8 арнайы техника мен 20-дан астам жұмысшы тартылған. Темір тұлпарлардың балшыққа белуардан батуына толассыз жауын-шашын себеп. Ылғал шамадан тыс түскендіктен, асфальт жабылмаған топырақ езіліп, ми батпаққа айналған. Шарасыз күйде қалған жүргізушілер тұралаған көліктерді өз күштерімен шығаруға тырысып жатыр. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА