$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Бурабайға жылына 1 млн шетелдік турист келеді», - М. Ахметжанов

06.12.2023ж. 20:00
754
«Бурабайға жылына 1 млн шетелдік турист келеді», - М. Ахметжанов

Бурабайға жылына 1 млн шетелдік турист келеді. Аймақта туризмді дамыту үшін түрлі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Бұл өңірдің экономикасын еселей түспек. Ақмола әкімі Марат Ахметжанов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру брифингінде осы және өзге де жаңалықтар туралы айтты.

Еліміздегі көрікті мекен саналатын жердің бірі - Бурабай. Мұнда келушілер саны жыл санап көбейіп келеді. Облыста қазір 600-ден астам туристік кәсіпорын бар. Онда 22 мыңнан астам тұрғын жұмыс істейді. Биыл келушілерді орналастыру үшін 16,5 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29 пайызға көп дейді аймақ басшысы.

Марат АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жылдың 10 айындағы қорытынды бойынша, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 есе өсіп, 23,3 млрд теңгеге жеткен. 2024 жылдың жоспарында 25 млрд теңгенің 30 жобасы тұр. Оның сыртында курорттық аймақтың инфрақұрылымын жетілдіру жобалары да іске асады.

214 мың ақмолалық Астанаға келіп жұмыс істейді. Олқылықты жою үшін жыл соңына дейін 31 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін елордаға іргелес елдімекендерді газбен, жылумен, сумен, жарықпен қамтамасыз етпек.

Марат АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ең бастысы, агломерация туралы заңды пайдаланып, соны іске асыру бойынша Үкімет қаулысын дайындап жатырмыз. Жана сол ауылдарға енді өкінішке орай әлі бар кемшілктер бар. Сапалы жол жанағыдай, жылу беру, энергия қуаттарын беру өйткені соның бәрін жаңадан салып іске асыруымыз керек. Осы Үкіметтің қаулысына осы іс-шаралар енгізілді.

Ақмола облысына биыл 530 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп.