Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жан DoStar» шығармашылық фестиваліне 400 бала қатысты

AstanaTV
11.12.2023ж. 20:00
523
«Жан DoStar» шығармашылық фестиваліне 400 бала қатысты

Тәуелсіздік күніне орай елордада «Жан DoStar» балалар шығармашылық фестивалі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 400 талантты бала 5 аталым бойынша сынға түсті. Балақайлар Қазақстанда тұратын түрлі этностың мәдениеті мен дәстүрін ортаға салды. Ұйымдастырушылар мұндай шара жас өркенді елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ынталандырады дейді. Қатысушылардың бәрі ақшалай сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.

Батыржан СМАҚОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл байқаудың жоғары деңгейде өткенін атап өткім келеді. Оны Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырады. Әрине, бұл байқаудың мақсаты музыкада, поэзияда, биде және әнде әртүрлі мәдениеттерді сақтау және дамыту. Өнерлі балалар өте көп. Ешкім жүлдесіз қайтпайды.