Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада Қызылорда облысының мәдени күндері өтті

AstanaTV
11.12.2023ж. 20:00
554
Елордада Қызылорда облысының мәдени күндері өтті

Елордада Қызылорда облысының мәдени күндері өтті. Астана қаласының 25 жылдығына арналған шарада 250-ге жуық өнерпаз өнер көрсетті. Арқадағы жұрт ең алдымен Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының қойылымдарын тамашалады. Сондай-ақ археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, жаңғыртудан өткен "Шірік-Рабат сақ жауынгері" мен "Сығанақ ханшайымы" мүсіндері қалың көрерменнің таңдайын қақтырды.

Өнер мерекесінің шымылдығын қызылордалық театр ұжымы әкелген Шыңғыс Айтматовтың "Жәмилә" қойылымы ашты. Бұл драмада дәстүр мен өз тағдыр тақтасындағы таңдауға қарсы тұрған жас әйелдің нәубетке толы махаббаты бейнеленеді.

Хұсейін ӘМІР, ТЕМІР ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Дина Жұмабай деген жас режиссер, Алматы тюзінің режиссері сол кісі қойған. Бүкіл біздің жастарымыз қатысады, мұнда. И үлкен кісілер де қатысады. Яғни сол нені пьесадан гөрі повестің өзінен шығарманың әдеби шығарманың өзін сахнаға шығарғандай әсер қалдырады.

Аймақтың Астанадағы мәдениет және өнер күндері "Бейбітшілік және келісім" сарайында өткен гала-концертпен қорытындыланды. Кеш алдында елордалық көрермендер Сыр өңірінің тарихын баяндайтын көрмемен танысты. Сонымен қатар облыстан келген дәмнен ауыз тиді.

Алтынай МОЛЖАНОВА, «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Береке аспаздық студиясы ұмыт қалып бара жатқан ұлттық тағамдарды насихаттап, мынау бұрынғы ата-бабаларымыздан қалып келе жатқан мирас өнерді насихаттап жүргенін білесіздер. Мемлекет басшысы өзі орталыққа келіп, өзінің оң бағасын берген.

Сәбит ӘБДІРАЙЫМОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Он жылдан бергі Қызылорда күндерінің Елордада тағы да сол үрдіс жалғасып, 10 жылдан бері қайталанып жатыр. Бүгінгі іс-шара соның белгісі болып жатыр. +Мемлекет басшысы Қызылорда облысында болып оң баға алған. Соның әрі қарай жалғасқан көп іс-шараларының есебі халыққа өте жақсы қабылданып жатыр.

Өнер мерекесінде Сыр бойынан шыққан танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты. Астаналық көрермен екі оркестрдің айтысын тамашалады. Мұндай айтыс бұрын-соңды болмаған.