Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жанға дәретханасы мен жуанатын бөлмесі жоқ пәтер берген

AstanaTV
07.09.2021ж. 20:00
1276
Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жанға дәретханасы мен жуанатын бөлмесі жоқ пәтер берген

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жанға дәретханасы мен жуынатын бөлмесі жоқ пәтер берген.  Ал, атыраулық көпбалалы аналарға есіктері қағаздан жасалған, қабырғалары жарылған баспана тиген. Сапасы сын көтермейтін тұрғын үйлер мәселесі  «Nur Otan»-ның партиялық бақылау комитетінде талқыланды. Соңғы 1 жарым жылда  жетекші  партияға   тұрғындардан  сапасыз құрылысқа  қатысты 11 мың арыз-шағым түскен. Шенеуніктер партия мүшелері алдында не деп ақталды? Келесі сюжетте.

Елімізде  577 мың  отбасы баспана кезегінде тұр. Үйге мұқтаж жандардың дені-  әлеуметтік әлжуаз топ өкілдері.  Ал пәтерге қол жеткізгендердің барлығы  жайлы өмір сүріп жатыр дей алмаймыз.  Ақтауда екінші топтағы мүгедекке әкімдік дәретханасы, ваннасы, тіпті қол жуғышы жоқ пәтер берген. Ал, атыраулық  көпбалалы отбасылар  есігі қағаз, қабырғасы қақыраған баспана алған. Қақаған қыста мұндай үйде тұру мүмкін емес.  
 
Әнуар ІЛИЯСОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:

Бұл ағасы мен қарындасы. Олар 1 және 2-топтың мүгедектері категориясы бойынша 2013 жылдың қарашасынан бері кезекте тұр. 8 жылдай болды. Енді оларға кезек қашан жетеді? 10 жылдан кейін бе? Ал, отбасында 5 адам, оның 4-уі кембағал жан. Сөз жоқ.

Тіпті кейде пәтерлер қажетті адамдарға жетпейді. Мемлекеттік аудит әлеуметтік осал топтар үшін салынған 2,5 мыңға жуық пәтерді әкімдіктер бұл топқа жатпайтындарға бергенін анықтады. Партияға 1,5 жыл ішінде 11 мың шағым түскен.
 
Артур ПЛАТОНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Әлеуметтік шиеленістің өсуіне қомақты қаржы салу. Осы мүмкіндіктермен жыл сайын жақсы жағдай жасаудың орнына мемлекетке қарсы көзқарас. Бір жерде құлшыныс жоқ, бір жерде кәсіпқойлық жоқ, бір жерде арнайы органдардың кірісуі керек. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қалай қорлауға болады?

Индустрия министрлігі баспананың сапасы көңіл көншітпейтіндігі мемлекеттік архитектуралық құрылыс бақылау қызметінің әлсіздігінен деп түсіндірді. Ал, ол ұйым облыстық әкімдіктерге қарайды.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өкінішке қарай, мемлекеттік архитектуралық құрылыс бақылау ұйымдары заңға сәйкес тексерісті тек азаматтардың шағымынан соң бірақ жасайды. Салынып жатқан нысандарды тексеру 6,9% ды құрайды. 10529 нысанға 725 тексеріс жүргізілді.

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында биыл елімізде 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынбақ. Партиялық бақылау комитетінің алдында осы жоспардың орындалуы мен құрылыс  сапасын жіті бақылау міндеті тұр.

Л. Қуанышқызы