Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбелік полицейлер 8 мектептен бомба іздеді

AstanaTV
23.09.2022ж. 20:00
1200
Ақтөбелік полицейлер 8 мектептен бомба іздеді

Ақтөбеде бүгін 8 бірдей орта мектепке бомба қойылды. Осындай жайсыз хабар полиция департаментінің электрондық поштасына келген. Таң атпай жатып қала метептері дүрлікті. Осымен бір аптаның ішінде бұл мектепте екінші рет полицейлер жарылғыш құрылғыны іздеді. Жайсыз хабарды естіген ата-аналарда зәрі құты қалмай осында жеткен.  

Зинаида ТӨЛЕУБАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күнде күнде екі жеті сайын бомба, бомба дейді де жатады. Осы болмасын. Өтініш мынаны бір нәрсе қылып қарастырыңыздар. Болмаса шара қолданыңыздар. Ұстасын адамдарын. Мынадай болып ата-аналар жылап жүрмесін. Қорқып.

Оқиға орнына барлық құзырлы қызметтер жұмылдырылды. Мектептен саперлар жарылғыш затты іздеп таппады. Мыңдаған оқушы мен ата-ананың зәресін алған жалған ақпарат таратушы іздестірілуде. Айта кетейік, дәл осындай жағдай қалада үш күн бұрын да орын алған еді. Оған кінәлілерді полиция әлі таппаған.  

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жерде қиындық тудыратын жағдай электрондық почтаға келген хабарлама. Өзінің жалған поштадан келеді. Сондықтан азаматтарды табу қиындыққа соқтырып тұр. Жедел ақпараттар бар қазір сол бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Б. Рақметова