$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде Тәуелсіздік атты бір адам бар

15.12.2023ж. 20:00
1173
Елімізде Тәуелсіздік атты бір адам бар

Елорданың оң жақ жағалауында Тәуелсіздік даңғылы бар. Көше жайдан жай «Тәуелсіздік даңғылы» деп аталған жоқ. Себебі Қазақстан егемендігінің іргетасы іспетті айтулы нышандардың көбі – осы көшенің бойында орналасқан. Ел тарихындағы маңызды шаралар, ұлттық мерекелер, әскери парадтар да осы жерде өтеді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Мен қазір бірлігі бекем, татулығы мығым еліміздің бас қаласы Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында жүрмін. Бұл бұрын Манас даңғылы деп аталатын. 2009 жылы ғана Астана қаласы мәслихат депутаттарының қаулысымен Тәуелсіздік боп өзгерді. Ал көшенің атауы мен мән-маңызын тұрғындар біле ме? Көрейік сұрап...
- Тәуелсіздік көшесінің атауы мен мән-мағынасын білесіз бе?
Жоқ.
- Тәуелсіздік көшесінің атауы мен мән-мағынасын білесіз бе?
Жоқ.
- Не себепті Тәуелсіздік көшесі деп аталды деп ойлайсыздар?
Білмейміз, аға.
- Тәуелсіздік көшесінің атауы мен мән-мағынасын білесіз бе?
Білмеймін.

Бұл жауапты естіп, көңіліміз түскенімен, Тәуелсіздік деген қастерлі ұғымның маңызын білетіндер, түсініп түйсінетіндер де көп болды.

- Ол еліміздің мақтанышы. Тәуелсіздік дегеніміз жақсы емес пе? Мен балама айтып отырмын, міне, Тәуелсіздік алғанымыз үшін өз басым қуанамын.
- Бұл Қазақстан Тәуелсіздік алғаны үшін аталған. Тәуелсіз деген енді дербес мемлекет деген сөз ғой өзіңмен өзің.
- Сол еліміздің тәуелсіздік алғаны, жалпы.

Тәуелсіздік сөзі - еркін, азат, егемен, бостандық деген мағына береді. Елімізде әр қалада, әр аймақта тәуелсіздік көшесі, даңғылы бар. Ал Тәуелсіздік атты бір адам болса, Егемен есімі 21 адамға қойылған. Сондай-ақ 14 065 Азат, 3 913 Еркін және 23 Бостандық есімдері берілген.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Тәуелсіздік- тұғырым. Бұл күн әрбір адам үшін құнды. Егеменді Қазақстан мәңгі жасасын! Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!