Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирінің финалына шықты, - деп жазды S-Sport телеграм каналы.
Ол жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтекпен шешуші сынның жолдамасын сарапқа салды.
Рыбакина бірінші сетті 6:3 етіп өз есебіне жазғанмен, екінші сетте қарсыласы 4:6 есебімен есепті теңестірді. Ал, шешуші турда 6:3 есебімен отандасымыз мықты екенін дәлелдеді.
Матч 2 сағат 46 минутқа созылды. Елена 8 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың тек екеуін өз есебіне жазды.
Финалда Еленаның қарсыласы украиналық Марта Костюк пен чехиялық Марта Вондроусова арасындағы матчтың жеңімпазы болады.