$450.79 €482.21 ₽5.05
×

Павлодарда кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды

AstanaTV
23.05.2024ж. 18:00
399
Павлодарда кадет мектебінің директорына қатысты тергеу басталды

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу басталды. Жанжалдың себептері анықталып, сараптама тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Төбелеске қатысқаннның бәрі полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысының рөлі белгіленеді, содан кейін олардың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жіберілген немқұрайлылық үшін мектеп директорына қатысты тергеу басталды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.