$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс болды

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс болды

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Келес ауданы Біртілек ауылының тұрғыны мен оның қызын өз үйінде жауыздықпен өлтіріп кеткен. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

АСЫЛЖАН ҚАЛДАРБЕКОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді.