Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елбасына қасиетті Қағбаның жамылғысы сыйға тартылды

AstanaTV
11.04.2017ж. 20:00
2887
Елбасына қасиетті Қағбаның жамылғысы сыйға тартылды

Сауд Арабиясы королі Салман Әл Сауд Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қасиетті Қағбаның жамылғысын сыйға тартты.

Мұны Ақордада Елбасына сенім грамотасын табыстаған елші Захир бен Мутиш әл-Анези хабарлады. Ал Грузия президенті Георгий Маргвелашвили маусымның соңында Астанаға ресми сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы осы мемлекеттің елшісі мәлімдеді. Бүгін жеті бірдей елші Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстады. Ақордаға Марокко королдігі мен Оңтүстік Африка Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясы Корольдігі мен Малайзияның, Грузия және Монғолияның елшілері келді. Бұл шара мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жаңа, сапалы деңгейге көтере түседі, деп сенім білдірді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті дипломат мырзалар, 2017 жылы Қазақстан мен сіздердің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанының мерейлі межесін атап өтетін боламыз. Биыл біздің еларалық байланыстарымыздың басталғанына 25 жыл толады. Астанадағы қызметтеріңіз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталады деп үміттенемін. Қазақстандағы дипломатиялық қызметтеріңіздің ресми басталуымен сіздерді шын жүрегімнен құттықтаймын.

Захир Бен Мутиш әл-Анези, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу - мен үшін үлкен мәртебе. Аса құрметті Президент мырза Сауд Арабиясының королі жолдаған қасиетті Қағбаның жамылғысын қуанышпен қабыл алды. Сондай-ақ корольдің Қазақстанға ресми сапармен келу жайындағы хатын жеткіздік. Және осы сапар жақын арада болады деп үміттенеміз.