Атырауда
тұңғыш рет өтетін марафонға екі мыңнан астам адам қатыспақ. Алматы мен Астана
қалаларынан кейінгі бұқаралық спортты насихаттауға арналған ауқымды шара ертең сағат 10-да басталады. Бұл туралы
өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды.
Марафонға алдын-ала тіркелген 17 жастан асқандар қатысады. Олар екі қашықтыққа,
10 және 21 шақырымға жүгіріп өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,
тіркелгендердің ең үлкені - бұрын да марафонға қатысып жүрген 74 жастағы желаяқ
қария. Марафоншыларға жедел жәрдем ілеседі, жол бойына су тарататын бекеттер
орнатылады. Ал жүгіруді жалғастыра алмайтындар үшін арнайы автобустар жолға
шығады. Мұнайлы өңір тұрғындарын қолдауға олимпиада чемпионы Ольга Шишигина мен
Гиннесс рекордтар кітабына жеті рет енген марафоншы Марат Жыланбаев келді. Ал
спорт мерекесі Қайрат Нұртастың концертімен жалғасады.
Ольга Шишигина, Олимпиада чемпионы:
Марафон бізге ұлтымыздың дені сау, мықты болу үшін, спортқа баулу үшін керек. Спорттың бұл түрі әрбір адамға қашықтықта өзін сынау үшін қажет. Тіпті жүгіруді бастап, мәреге жете алмаса да, жеңіске деген күресті, қарсыласты сезінуге көмектеседі.
Азамат
Бекет, Атырау облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасының басшысы:
Атырау
облысының тұрғындары осы болатын марафонды өте жақсы қабылдады. Айта кетер
болсақ, қазіргі кезде екі мың адам тіркелді. Одан көп болады деген сенімдіміз.
Бұл марафон жылдан жылға өтетін болады. Бұл шара адамдарды, Атырау халқын
бұқаралық спортпен айналысуға шақыру мақсатында жасалған.