$481.84 €531.33 ₽5.07
×

“Амандық” полигонында сарбаздардың рота-тактикалық дайындығы өтті

04.10.2024ж. 20:00
124
“Амандық” полигонында сарбаздардың рота-тактикалық дайындығы өтті

“Амандық” полигонында сарбаздардың рота-тактикалық дайындығы өтті. Ақмола облысындағы жаттығу алаңында 200-ден астам әскери қызметкер мен 40-қа жуық техника шабуыл және қорғаныс тәсілдерін пысықтады. Айбек Салдатбек сарбаздардың дайындығын көрді.

Орманды барлап, төңіректі шарлап, ағашқа шығып, шөпте бұғып жатып жауды аңдиды. Әскери қызметкерлер түрлі жағдайға осылай дайындалады.

АЙБЕК САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:

Бұл ешқандай да фантастикалық немесе экшн жанрындағы фильмнің түсірілімі емес. Біздің жауынгерлердің оқу-жаттығу жиыны. Сырттай қараған бізге дайындық болып көрінгенімен, олар үшін майдан даласымен бірдей.

Майдан даласы дейтін себебіміз жауынгерлер жаудырған оқ пен атқыш техникалардың суыт қимылы даланы дірілдетіп, айналаның шаңын шығарады.

120 шақырым жылдамдықпен ұшып, соғылған жерінде жарылатын жаңа дрон, смартфонмен қарап, оқ жаудыратын автомат; алыстан тетігін бассаң болды, күл-талқаныңды шығаратын мина - жауынгерлер күнделікті осылай дайындалады.

Бұл алаңда кім көрінген сыналмайды, ол үшін де шеберлік қажет, һәм ұзақ дайындықтан өту керек.

АБАЙ ӘЛІБЕКОВ, ЕРЕКШЕ МАҚСАТТАҒЫ БРИГАДА КОМАНДИРІ:

Бұл сабақ жылына 2 рет өтіледі, біріншісі жазғы кезеңде, екіншісі қысқы кезеңде. Рота жеке құрамы слаженность біткеннен кейін осындай рота-тактикалық жаттығу сабағы өткізіледі. Әр тактикалық жаттығуда жаңарту қосып отырамыз.

Минаның жағасында, таңктың қарасында, оқтың арасында жүріп жауынгерлер жазым болмай ма?

ТАЛҒАТ ҚҰЛМАНОВ, ЕРЕКШЕ МАҚСАТТАҒЫ БРИГАДА КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қауіпсіздік шараларына басты көңіл бөлінеді. Әр оқу жаттығу басталардың алдында оқу нүктелерінен өтіп, қандай жағдайда өзіне бірінші көмек көрсету керек, сол жағдайлар бойынша біз сабақ өткіземіз. Сол сабақты толық меңгерген ғана әскери қызметшілер оқу жаттығуына жіюерілетін болады.

Рота-тактикалық жаттығу жиындары 1 аптаға созылады. Онда отан алдындағы борышын өтеп, жақында үйіне аттанатын сарбаздар да бар.