"Jastar Jalyny - 2024" шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Жарысқа елордадағы 15 университет қатысты. 6 күнге созылған байқау 10 номинация бойынша өтті. Дәстүрлі шара Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Жастар эстрада, ұлттық және заманауи би, музыкалық аспап, шахмат, театр, футбол, волейбол, мобилография сияқты номинациялар бойынша сынға түсті. Мәдени шараның басты мақсаты – жас буынның бірлігін арттыру, дейді ұйымдастырушылар.
САМАТ ИБРАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Студенттер үшін бұл қарым-қатынас орнатуға, спортта, шығармашылықта да қабілеттерін жүзеге асыру үшін жақсы мүмкіндік. Жастар жыл сайын белсенді түрде қатысады, біз спорттық шараларды үнемі жаңартып отырамыз. Біз биыл мобилографияны қостық. Қазір -ақпараттық технологиялар ғасыры. Бұл цифрландырудың бір бөлігі, сондықтан біз осы жарыстарға назар аудардық.
Байқау жеңімпаздарының бірі- дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Меруерт Камалдинова. Ол шахмат бойынша бақ сынады.
МЕРУЕРТ КАМАЛДИНОВА, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СТУДЕНТІ:
Осы жарыс 1 күннін ішінде өтті. Бірінші группадан шығу керек болатынбыз. Кейін енді мықтылармен ойнадық. Енді біз менің достарым бірге қатысқан қаланың ең мықтылары деп ойлаймын. Себебі біздің командамызда халықаралық рейсмейстер болды. Сол үшін осы жарыс біз үшін оңай болды.
Топтық команда бойынша Қазақ Ұлттық Өнер Университеті гран-при жеңіп алды. Ал, екінші орын Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына бұйырса, үшінші орынға Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жайғасты. Жеңімпаздарға алғыс хат пен қаржылай сыйлық табысталды.