ЕХРО халықаралық көрмесі кезінде 2 млн 450 мың адам келеді деп болжанған. Соның
ішінде ел аймақтарынан Астанаға бағыт алатын халықтың саны шамамен 1 миллион
800 мың. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілінің айтуынша, теміржол арқылы шамамен 1 миллион 100 мың, ал әуе қатынасымен
161 мың адам ұшып келеді. Автобустың қызметіне жүгінетіндердің саны 350 мың
адам болады. Ал жеке көлікпен Астанаға 200 мың адам келеді деген болжам бар. ЕХРО қарсаңында өңірлерден күн сайын 20 мың адам келмек.
Роман
Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:
Көрме
қонақтарының басым бөлігі теміржолмен келеді. Сол себепті маусым айына дейін
маршруттардың 44-тен 58-ге дейін ұлғаяды. Ол үшін қосымша 14 жолаушылар пойызы
іске қосылады. Соның ішінде «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған төрт пойыз
бар. Бұдан бөлек, қазіргі пойыздарға қосымша 150 вагон тіркеледі. Осылайша, екі
теміржол вокзалы күн сайын 47 мың жолаушыны қабылдай алады. Сондай-ақ ЕХРО көрмесі кезінде автобустардың саны да екі есеге артатын болады.