Сайлауалды
науқанға сайлаушылардың белсенді қатысуы елдегі өзекті мәселелерді шешуге ықпал
етпек. Мұндай пікір «Ұлт жоспары:
мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары» тақырыбындағы сарапшылар форумында
айтылды.
Жиында жергілікті мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдері, оқу
орындардың басшылары, елімізге танымал сарапшылар елдің әлеуметтік-экономикалық
даму жолдарына тоқталды. Соңғы бір ай бойы ел аумағындағы аталған форумға
ұйытқы болып жүрген Қазақстан стратегиялық зерттеу институты.
Ерлан
Қарин, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының
директоры:
Барлық
жерде негізгі көтерілетін мәселе - аймақтық экономиканың диверсификациясы,
қандай жаңа мүмкіндіктер бар пайдаланылмай келе жатқан. Біздер осы уақытта қалыптасып қалған әрбір аймақтың маманданып қалған салалары
бар. Одан басқа қандай бағыттарды ашуға болады?
Екіншісі ол - проблемалар, қандай нақты проблемалар бар, біз соларды бір
жағынан жинаймыз.
Базаргүл
НӘДІРҚЫЗЫ