Белгілі журналист Ерқанат Сәрсенбайұлы 37 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қызылорда облысында дүниеге келген білікті тілшінің мезгілсіз қазасы ақпарат саласында жүрген жандардың қабырғасын қайыстырды. Ол өзінің саналы ғұмырын баспасөз бен телевизияға арнап, мемлекеттік қызметте де абыройлы еңбек етті. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған маман «Астана» телеарнасының өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Телеарнамыздың ұжымы атынан Ерқанат Сәрсенбайұлының отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!