Лондон
көпірінде лаңкестік әрекетке барғандардың бірі балаларды ДАИШ қатарына қосылуға
үгіттеген. Бұл ақпаратты Times газеті жариялады. Ол Пәкістан тумасы. Басылым
онымен таныс болған бірнеше жасөспірімнің сөзін келтіреді. Мектеп оқушылары бұл
адамның террористік ұйымға кіруге бірнеше рет үгіттегенін айтқан. 2 жыл бұрынғы
оқиғаны ата-аналар сақшыларға хабарлаған. Олар содан бері құқық қорғаушылар
назарында болады.
Алайда, маусымның 3-і күні үш лаңкес шағын автобуспен
Лондон көпірі маңындағы қалың жұртты басып өткен. Кейін Боро базарына жетіп,
көліктен түскен бойда жаяу жүргішілерді пышақтаған. 7 адам қаза тауып, 48 адам
жараланған. Ақпарат құралдары 21 адамның хәл үстінде жатқанын хабарлады. Бұл
Лондондағы соңғы екі жарым жыл ішіндегі үшінші теракт. Қазір полицейлер
лаңкестікке қатысы бар 11 адамды ұстады. Ал ел билігі бүгін шұғыл жиын
өткізбек.