$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанның сыртқы қарызы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 1,7 млрд $ өсті

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
4613
Қазақстанның сыртқы қарызы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 1,7 млрд $ өсті

Қазақстанның сыртқы қарызы тағы да өсті. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында берешек 1,7 млрд АҚШ долларға өскен. Ал сыртқы қарыздың жалпы жиынтық соммасы 165,5 млрд доллар болып отыр. «Бұл көрсеткіш жылдық жалпы ішкі өнім түсімінен 16,8 пайызға асып түскен», - деп хабарлайды «Regnum.ru» порталы. Ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл әрбір қазақстандық 9 мың доллар қарыз деген сөз.

Қазақстанның қай елдерге қанша қарыз екенін  естептеп көрсек. Қызғалдақты елге қайтарар қарызымыз аса ауқымды саналады. Нидерландыға 48 млрд астам АҚШ долларын қайтаруымыз керек. Одан кейін Ұлыбритания - 22 млрд доллардан астам. АҚШ-қа қарызымыз - 13 млрд доллар.

Франция мен Қытайдан да аздап қарыз алғанбыз. Еліміздің сыртқы қарыздарының жартысына жуық қаржысына тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу үлесі тиіп отыр. Сонымен қатар, сыртқы борыштың екінші бөлігін кәсіби  ғылыми-техникалық қызметке жұмсалған қаржы құрайды. Үшінші кезекте еліміз көлік және қоймалар салып борышкер болып отыр.