$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбедегі зағип сәбиге астаналық білікті мамандар көмек қолын созбақ

AstanaTV
16.01.2018ж. 20:00
3211
Ақтөбедегі зағип сәбиге астаналық білікті мамандар көмек қолын созбақ

Бір жарым жасында зағип болып қалған сәбиге Қазақ ғылыми зерттеу институтының мамандары көмек қолын созбақ. Александрдың жағдайы туралы біздің арнадан көрсетілген бейнематериалдан соң дәрігерлер оған назар аударып отыр.

Институт мамандары баланы Ақтөбеден Астанаға әкеліп, тегін ота жасауға дайын. Олар Саша тәрбиеленіп жатқан сәбилер үйінің басшылығымен және оның жағдайын бақылап отырған көз дәрігерімен хабарласып үлгеріпті. Бұған дейін сәбилер үйінің басшылығы «нәрестенің көзі енді көруі неғайбыл» деген болатын. 

Қадірбек Иманбаев, «Үміт» сәбилер үйінің директоры:

«Жуырда бізге маман келіп, баланы тексерістен өткізеді. Егер олар ота жасауға болады десе, біз баланы емдеу орталығына жеткіземіз».