Негізгі / Жаңалықтар / Соңғы 4 жылда 440 қазақстандықтың террорлық қауіпті аймаққа шығуына тыйым салынған

Соңғы 4 жылда 440 қазақстандықтың террорлық қауіпті аймаққа шығуына тыйым салынған

Соңғы 4 жылда 440 қазақстандықтың террорлық қауіпті аймаққа шығуына тыйым салынған. Бұл туралы 2018-2020 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарлама жобасында айтылған. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, өзге елдегі соғысқа қатысушылар мәселесі әлі де өткір. Олардың отанға қайтып оралуы да елге үлкен қауіп төндіріп отыр. Халықаралық лаңкестік ұйым лагерінен 125 Қазақстан азаматы оралған. Оның 57-сі террорлық қызметі үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі 2014 жылдан бері 30 терактінің алдын алған. Ондағы деректерден соңғы кезде лаңкестік қаупі күшейгенін аңғаруға болады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды идеологияның ошағы - шетелдегі күмәнді теологиялық оқу орындарынан оралған Қазақстан азаматтары деп отыр. Сондықтан оларға шектеу қоюға кеңес беріп отыр. Дін істері министрлігі заң жобасына енгізуді қолға алды. Елде терроризммен күреске бюджеттен шамамен 287 миллиард теңге бөлу қарастырылған.