Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мәжілістегі ҚХА өкілдері Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады

AstanaTV
29.01.2018ж. 20:00
2491
Мәжілістегі ҚХА өкілдері Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады

Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады. Мемлекет басшысының туындысы еліміз тәуелсіздік алғалы бергі кезеңді қамтиды. Яғни, сан түрлі сыннан сүрінбей өтіп, бүгінгі күнге жеткен Қазақстанның даму жолын баяндаған. Әсіресе жас мемлекеттегі бүкіл басқарушы органдарды жасақтау жайы бұл кітапта ерекше бейнеленген. Ассамблея мүшелері кітаптың мазмұнына айрықша тоқталды. 

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Тәуелсіздік дәуірінде жасалған игілікті жұмыстардың шежіресі десек те, артық айтқандық емес. Қысқаша айтқанда, бүгінгі күні бұл кітап атадан әкеге, әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре кітап, біз оны әрқашан білуіміз керек.